«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 6 ақпандағы № 1168 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық:

1) 2025 жылғы 28 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 3-тармағын және 4-тармағының оныншы және он бірінші абзацтарын;

2) 2026 жылғы 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 6 ақпандағы

 

№ 1168

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2026 жылғы 6 ақпандағы

№ 1168 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін

ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

 

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында:

жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:

«

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

120

»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі, оның ведомствосы және ведомствоның аумақтық бөлімшелері

120

».

2-тармақтың бірінші - алтыншы абзацтары 2025 ж. 28 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді

2. «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.